MON.ARCH
KZRUEN中文
← Басты бет

Бюро туралы

MON.ARCH — Астанада орналасқан сәулет бюросы.
Біз тұрғын үй кешендерінің, бизнес орталықтарының, қонақүйлер мен қоғамдық ғимараттардың жобаларын әзірлейміз.

Аумақты кешенді жоспарлаумен, сәулет жобаларының негізгі идеясын әзірлеумен, жобалық құжаттаманы дайындаумен айналысамыз. Интерьерлер мен аумақты абаттандыру жобаларын жасаймыз. Жобаларымызда нысанның көркем келбетін, пайдалануға қолайлылығын және экономикалық есептерге негізделген шешімдерді ұштастырамыз.

Мақсатымыз

Жылжымайтын мүліктің құндылығын арттыратын әрі қалалардың заманауи келбетін қалыптастыратын сәулет жобаларын әзірлеу. Өмір сүруге және жұмыс істеуге жайлы кеңістіктер құру, жылжымайтын мүліктің мүмкіндіктерін толық ашу.

Жұмыс тәсіліміз

Алдымен жер телімін, оның айналасындағы ортаны және тапсырыс берушінің алға қойған міндеттерін зерделейміз. Осыған сүйеніп, нысанды болашақта пайдаланатын адамдардың қажеттіліктерін, жобаның бюджетін және оны жүзеге асыру шарттарын ескеретін шешімдер ұсынамыз.

Бюроның негізін қалаушы

Евгений Долдырин — сәулетші, MON.ARCH бюросының негізін қалаушы әрі жетекшісі. Арқалық қаласының тумасы. 2009 жылы Еуразия ұлттық университетін бітірген. 15 жылдан астам уақыт бойы тұрғын үй кешендерін, қоғамдық ғимараттар мен жеке нысандарды жобалаумен айналысып келеді. Жобалардың негізгі тұжырымдамаларын әзірлеуге өзі тікелей қатысады. Бұл жұмыста сәулеттің көркемдігі мен жобаның экономикалық қырларын ұштастырып, болашақта сол кеңістіктерде тұратын және жұмыс істейтін адамдардың қажеттіліктеріне көңіл бөледі.

Евгений Долдырин
Сарапшылармен ынтымақтастық

Нарықты талдау, маркетинг, дизайн және жылжымайтын мүлік салаларының мамандары мен кеңесшілерін жобаның ауқымына және алға қойылған міндеттерге қарай жұмысқа тартамыз.

Олардың білімі мен тәжірибесі болашақ нысанның қандай үлгісі нарықта сұранысқа ие болатынын анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ жобаға ұсынылған шешімдерді оның экономикалық есептерімен және нысанды пайдалану талаптарымен үйлестіруге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде тапсырыс берушінің мүддесін, нарықтағы сұранысты және нысанның даму келешегін ескеретін біртұтас тұжырымдама қалыптасады.

Жұмыс кезеңдері

01 — Талдау. Жер телімін, оның айналасындағы ортаны, қала құрылысына қатысты шектеулерді және тапсырыс берушінің алға қойған міндеттерін зерделейміз. Аумақтың мүмкіндіктерін анықтап, болашақ нысанның қандай үлгіде болатынын айқындаймыз.

02 — Тұжырымдама. Жобаның негізгі идеясын ұсынамыз: нысанның келбетін, пішіні мен кеңістікте орналасуын, сондай-ақ кеңістіктің атқаратын қызметіне қарай аймақтарға бөлінуін айқындаймыз. Жоба нұсқаларын сызбалар мен көрнекі бейнелер арқылы көрсетеміз.

03 — Эскиздік жоба. Бас жоспарды, ғимаратты жоспарлауға байланысты шешімдерді, қасбеттер мен қималарды әзірлейміз. Техникалық-экономикалық көрсеткіштерді құжатқа түсіріп, жобаны келісуге ұсыну үшін қажетті материалдарды дайындаймыз.

04 — Жобалық құжаттама. Жұмыс құжаттамасын жобалау саласындағы сенімді серіктестеріміз әзірлейді. MON.ARCH олардың жұмысын үйлестіріп, бастапқы сәулет идеясының жобаның әр бөлімінде сақталуын қадағалайды.

05 — Жоба авторының құрылыс барысын қадағалауы Құрылыс барысында мердігерлерге кеңес беріп, атқарылып жатқан жұмыстың жобаға сәйкестігін бақылаймыз. Құрылыс алаңында шешім қабылдауға көмектесеміз.

Жобаларымыз жүзеге асатын елдер мен қалалар

5 ел · 12 қала MON.ARCH жобалары Қазақстанда, Өзбекстанда, Ресейде, Черногорияда және Біріккен Араб Әмірліктерінде жүзеге асырылады.

Қазақстан: Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Павлодар, Ақтау, Талдықорған, Қаскелең
Өзбекстан: Ташкент
Ресей: Омск
Черногория: Тиват
Біріккен Араб Әмірліктері: Дубай

MON.ARCH командасы

Жобаңызды талқылайық WhatsApp

Қандай міндетті шешу қажет екенін айтып беріңіз. Біз сізге жауап беріп, бірлесіп жұмыс істеудің қолайлы жолын ұсынамыз.

Батырманы басу арқылы өтініміңізге жауап беру үшін байланыс деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.